Тікелей эфир

Huawei ақылды сағаты және WhatsApp лайфхактары. Технология әлеміндегі жаңалықтар

HUAWEI WATCH GT 3
HUAWEI WATCH GT 3
Информбюро порталы техника және жаңа технологиялар саласындағы кезекті жаңалықтарды ұсынады.

Айдарды қазақстандық техноблогер, ҚазТехШолу Youtube арнасының авторы Бахтияр Қыдырбаев жүргізеді.

Қазақстанда HUAWEI WATCH GT 3 ақылды сағаты сатылымға шықты

Бүгіннен бастап Huawei Consumer Business Group компаниясының HUAWEI WATCH GT 3 ақылды сағаттары Қазақстанда да сатыла бастады. Жаңа сағат денсаулық пен спорттық жетістіктердің күнделікті мониторингін жоғары дәлдікпен жүргізуге және пайдаланушының белсенділігі бойынша жеке ұсыныстар беруге қабілетті. Сағаттың 3 түсі бар: қара (спорттық нұсқа, 46 мм және 42 мм), қоңыр (классикалық нұсқа, 46 мм), ақ (классикалық нұсқа, 42 мм).

Huawei сағатының артықшылықтары қандай? Ең біріншіден, инновациялық дизайны. HUAWEI WATCH GT 3 сезімталдығы жоғары айналмалы түймемен жабдықталған. Сағат интерфейсіндегі белгішелерді жылдам және ыңғайлы ауыстыру үшін ұлғайтуға болады. Сондай-ақ, сағаттар HarmonyOS 2.1 операциялық жүйесімен жұмыс істейді.

HUAWEI WATCH GT 3

Екіншіден, денсаулық жағдайын бақылаудағы дәлдігі. Ақылды сағатта жаңа HUAWEI TruSeen 5.0+ жүрек соғу жиілігін бақылау технологиясы бар. Оның арқасында сағат жүгіру, жүзу, секіру сияқты жаттығулар кезінде жүрек соғу жиілігін нақты қадағалай алады. Ал TruSleep технологиясы жүрек соғу жиілігін бақылау және алынған деректер негізінде нақыт ұсыныс беру арқылы ұйқы сапасын бақылайды. Smart Running Trainer функциясы апта сайынғы жаттығу жоспарын орындау кезінде спорттық жаттығулар тәртібін реттеуге және спорттық жаттығуларға пайдаланушының дене көрсеткіштерін тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Оған қоса, сағат жүрек соғу жылдамдығы, қарқыны бойынша алынған деректер негізінде жаттығудың өнімділігін көрсететін жүгіру индексін (RAI) бақылайды.

Ақылды сағаттың тағы бір артықшылығы – автономиясының ұлғайтылғаны. Соның арқасында сағатты күні бойы, тіпті ұйықтап жатқанда да тағуға мүмкіндік туып отыр. Huawei жаңа сағаты оны белсенді қолданғанның өзінде 2 апта бойы автономды жұмыс істей алады.

HUAWEI WATCH GT 3

24 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Watch GT 3 ақылды сағатын сатып алғандарға Freebuds 4i құлаққабы сыйға беріледі. 

Ақылды сағаттың ерекшеліктері туралы толыққанды бейнешолуды төмендегі видеодан тамашалаңыз:


Оқи отырыңыз: Жаңа смартфон, интерфейстегі өзгерістер. Технология әлеміндегі жаңалықтарға шолу


WhatsApp лайфхактары

Чатты электронды поштаға көшіру. Егер жаңа смартфон алған болсаңыз, WhatsApp қосымшасындағы барлық чатты көшіруде қиындық туады. Өйткені, олардың жалпы салмағы 2-3 гигабайтқа дейін жетіп қалады. Ал егер Сізге олардың ішінде қажеттісі тек 2-3 чат болса, оларды поштаға жіберу арқылы кез келген уақытта және қалаған смартфонмен ашуға болады. Бұл үшін WhatsApp қосымшасында келесі команданы орындау қажет: "Баптаулар – Чаттар – Чат көшірмесі" (орысша: "Настройки – Чаты – Экспорт чата"). Одан әрі қажетті электронды поштаны таңдайсыз.

Фото қауіпсіздігі. Егер WhatsApp қосымшасы арқылы жіберілген фотоны алушы адам тек 1 рет көргенін, яғни көшіріп алмағанын және өзгелерге жібермегенін қаласаңыз, бұған мүмкіндік бар. Ол үшін фотоны адресатқа жіберер алдында "жазу қосу" ұяшығындағы "1" деген батырманы басу қажет. Оны бассаңыз, алушы суретті тек бір мәрте ғана ашып көре алады.

Жазуға ерінсеңіз... Бұл функция WhatsApp қосымшасы арқылы хабарлама теруге ерінетіндерге не уақыты жоқтарға арналған. Ол үшін "жазу қосу" ұяшығын басқанда ашылатын пернетақта алаңындағы "микрофон батырмасын басу керек. Алайда бұл функция орыс және ағылшын тілдерінде жақсы жұмыс істейді. Өкінішке қарай, қазақ тілінде әлі "түсінбейді".

Оқуға ерінсеңіз... Бұл лайфхак Iphone смартфондарын қолданушыларға ғана арналған. WhatsApp қосымшасы арқылы келген хабарламаларды сізге оқып бере алады. Ол үшін қажет мәтінді таңдап, пайда болған менюдегі "Произнести" командасы таңдау қажет. Айта кету керек, мәтінді басқа тілге де осылай аударуға болады. Ал егер мұндай функция болмаса, онда "Настройки – Универсальный доступ – Устный контент – Проговаривание" командасын орындап, "Активный" (жасыл түс) батырмасын басу қажет.


Informburo порталы редакциясының тілшілері Huawei WATCH GT 3 сағатын тестік қолданудан өткізіп, оқырмандарына сатып алуға кеңес береді. Бұл ақылды сағат – денсаулығына бей-жай қарамайтын жандар үшін аса қажет гаджет. Сондай-ақ, Жаңа жылға жақындарыңызға тарту етуге лайық тамаша сыйлық. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары