Тікелей эфир

Скляр: Үкімет көліктердің тұрақта тегін тұру уақытын ұзартуды қарастырады

Бұл уақытты 30 минутқа дейін арттыру туралы ұсынысты мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев айтқан болатын.

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында көлікті паркингтер мен ақылы автотұрақтарға тегін қою уақытын ұзарту мәселесі заң жобалау жұмысы шеңберінде пысықталатынын айтты. 

Еске салайық, мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев автотұрақта көліктің тегін тұру уақытын кем дегенде 30 минутқа дейін арттыруды және ақылы автотұрақтарды көліктер ең көп жиналатын іскерлік аудандарда ғана қалдырып, қалғанын жоюды ұсынған болатын. 

"Астана әкімдігінің ақпаратына сәйкес, ақылы коммуналдық автотұрақтар қаланың орталық аудандарында, халық тығыз шоғырланған нүктелері көлік тораптарында, сауда ойын-сауық орталықтарында, әкімшілік кешендерде және тағы да басқа жерлерде орналасқан. Ақылы коммуналдық автотұрақтарға іргелес орналасқан үйлердің тұрғындарына тегін тұрақ құқығын беретін резиденттік абонементтер беріледі. Ал Алматы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, ақылы коммуналдық автотұрақтар қаланың тарихи іскерлік орталығында, сондай-ақ көрікті жерлерге жақын жерде орналасқан. Сонымен қатар, Шымкент қаласында және басқа облыстарда автотұрақ (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт жоқ", – деген Роман Скляр ақылы автотұрақтар (паркингтер) орналастырылатын жерлерге және минималды тегін тұру уақытына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысы шеңберінде пысықталатын айтты. 


Оқи отырыңыз: Ақылы автотұрақ: Астаналықтардың төлегені 726 млн, ал арқалаған айыппұлы – 5,6 млрд теңге


 

Серіктестер жаңалықтары