Дауыс берген алғашқы қазақстандық Токио қаласында 18 жасқа толған жас сайлаушы Әлижан Салиев болды.
Жапония мен Корея Республикасында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өзінің дауыс беру конституциялық құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық Токио қаласындағы жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Әлижан Салиев болды. Бұл оның алғашқы сайлауы.
"Мен жақында 18 жасқа толдым және осындай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу мен үшін өте қызықты. Оған қоса бұл үлкен жауапкершілік, өйткені менің дауысым да Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын", – деді Әлижан.
Оңтүстік Кореяның астанасындағы № 258 учаскеге алғаш болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді. Олар Сеулде 10 жылдан астам уақыт тұрып, бизнеспен айналысады.
"Мен корей серіктестеріммен бизнес жүргіземін. Олардың өз еліндегі жағдайды қалай талқылайтынын, саяси өмірге белсенді қатысатынын жиі көремін. Сондықтан соңғы 10 жыл ішінде мен бірде-бір сайлауды өткізіп алған жоқпын. Бұл жолы да өз дауысымды беруге келдім, өйткені референдумға қатысу біздің азаматтық парызымыз. Біздің дауысымыз – балаларымыздың болашағы", – деді кәсіпкер.
Оқи отырыңыз: Референдумда Конституцияға қандай өзгерістер енгізу үшін дауыс береміз?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 Тоқаев: Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше, реформа әлі біткен жоқ
-
303
-
1
-
0
-
-
2👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
290
-
0
-
0
-
-
3👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
282
-
0
-
0
-
-
4🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
281
-
0
-
0
-
-
5🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
303
-
0
-
0
-
-
6⛽️ Шілдеде газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі
-
306
-
2
-
2
-
-
7🚭Қазақстанда вейп-өнімнің айналымына толықтай тыйым салынуы мүмкін
-
300
-
0
-
1
-
-
8👨⚖️ Депутат Жигули Дайрабаев сотта жеңілді
-
287
-
0
-
1
-
-
9🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
222
-
0
-
0
-
-
10📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
209
-
0
-
1
-