2025-2026 жылдары Қазақстан азаматтарының бәрін кірісі мен шығысы туралы декларация тапсырады.
Қазақстанда бір жыл ішінде шенеуніктердің шығысы табысынан 3 млн теңгеден асып кетсе, фискалдық санкция қаралады. Яғни артқан соманың 90 пайызы әкімшілік айыппұл ретінде тәркіленеді, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Осы орайда арна эфирінде сұхбат берген саясаткер Азаматхан Әміртай ұсынылып отырған заң жобасының жемқорлыққа тоқтау болатынын айтады.
"Бұлай қадағалау міндетті түрде жемқорлыққа тоқтау болады. Ең бастысы – кіріс пен шығысты санап отыру. Бүгінгі күні шенеуніктердің шығыны өте көп, ал табысы аз. Ол ақшаны қайдан тауып жатыр? Бұл жемқорлықтың алдын алу тәрбиесін жүргізе алатын заңнама деп ойлаймын", – деді саясаткер.
Оқи отырыңыз: Сенат Қазақстанның АҚШ-тағы азаматтарының шоты туралы ақпарат алуына мүмкіндік беретін заңды мақұлдады
Азаматхан Әміртай 2025-2026 жылдары елдегі барлық азаматтың кіріс-шығысы туралы декларацияны тапсыруы да жемқорлықтың алдын алуға көмектесетінін айтты.
"Егер барлық азамат табыс тауып, салығын төлеп, теңгерім орнатса, онда ол өзін заңға бағынатын адам ретінде көрсетеді. Бұл жерде заң барлық азаматқа ортақ болуы керек. Сондай-ақ, осы 3-4 жыл ішінде халық бұған дайындалуы керек. Бұл үшін мемлекет тарапынан шаралар қажет", – деп түсіндірді саясаткер.
Еске салсақ, шенеуніктер мен әкімдердің табысының жіті тексерілетіні туралы хабарлаған едік. Халық қалаулылары мемлекетке 48 теңгеден бастап 56 мың теңге аралығында берешек екен.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
268
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
239
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
243
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
238
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
247
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
299
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
334
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
329
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
276
-
0
-
7
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
270
-
0
-
0
-