Халық қалаулылары мемлекетке 48 теңгеден бастап 56 мың теңге аралығында берешек екен.
Азат Перуашев, Азамат Әбілдаев, Сауытбек Әбдірахманов бастаған депутаттар мүлік салығын төлемеген. Халық қалаулылары мемлекетке 48 теңгеден бастап 56 мың теңге аралығында берешек екен. Күнде түрлі заң жобасын талқылап, Үкіметтің олқылығын сынайтын депутаттар өздерінің салық төлеуі керектігін ұмытып кеткен сыңайлы. Ал мәжілісмендер салық төлемей жүргенде сыбайлыс жемқорлыққа қарсы агенттігінің мамандары оларға шенеуніктердің шығынын бақылайтын заң жобасын ұсынып отыр. Енді ресми табысынан бөлек заңсыз пайда тауып отырған шенеуніктер үш жылға дейін мемлекеттік қызметтен шеттетілуі мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Азат Перуашев 54 мың теңгенің үстінде, Азамат Әбілдаев 43 мың теңге, Сауытбек Әбдірахманов 42 мың теңге мемлекеттік бюджетке берешек. Ерлан Смайлов 6680, Сәлімжан Нақпаев екі жарым мың, Дмитрий Колода 2481, Берік Дүйсенбинов 557 теңге, Әбілфас Хамедов 283, Юлия Кучинская 48 теңге салыққа қарыз. Осы ақпарат жарияланысымен депутаттардың барлығы болмаса да, кейбірі салықтарын төлепті.
"Депутат Перуашев, депутат Нақпаев және депутат Кучинская салықтық қарыздарын толықтай төлеген. Депутат Смайылов негізгі салық қарызын төлеп, өсімпұлы қалған. Тізімде көрсетілген депутаттардың салығы әзірге төленбеген", – деді Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.
Енді депутаттардан бастап, әкім-қаралар мен барлық шенеуніктің табысы жіті тексеріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай заңның жобасын дайындады. Егер, мемлекеттік қызметкердің шығыны декларацияланған табысынан көп болатын болса, оның заңды табыс екенін дәлелдеуге міндетті. Ал, заңсыз екені дәлелденсе 90 пайызы ел қазынасына аударылады. Шенеунікке мансаптық санкция салынып, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметтен шеттетіледі. Енді агенттік жемқорлар туралы ақпарат берген азаматты да барынша қорғайды. Егер пара алу дерегі туралы айтқан азамат жұмысынан заңсыз қудаланатын болса, агенттік мамандары еңбек инспекциясы мен прокуратураға жүгінеді.
Президенттің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлық агенттігінің дайындаған бұл заң жобасы қазір Парламенттің қарауында.
Айта кетейік, 2018 жылдан бері Қазақстан тарапы өз азаматтарының шетелдегі активтері туралы ақпарат алып отыру үшін халықаралық келісімге қол қойған болатын. Мамандар сондықтан шетелдік шоттарды бақылауға еш кедергі жоқ екенін айтады. Заң күшіне енетін болса, келер жылдан бастап 2026 жылға дейін іске асатын болады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
450
-
0
-
5
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
424
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
400
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
408
-
0
-
2
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
389
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
408
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
394
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
366
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
349
-
0
-
0
-
-
10Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады
-
309
-
0
-
0
-