USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Сарбаз комаға түсті: президент жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды

Президент Қорғаныс министріне тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.

Президент Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты.

Бұл туралы Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", – деді Берік Уәли.

Еске салайық, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау