Жобаға ұсыныстарды usynys@sk.kz почтасына жіберуге болады.
26 қаңтар күні "Самұрық-Қазына" бағдарламасы әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілім – ашық диалог форматында талқыланады, деп мәлімдеді қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
"Бүгін ел басшылығының саяси ерік-жігерінің арқасында "Самұрық-Қазынада" қоғамда белсенді талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі пайда болды. Реформа жасау бағдарламасының жобасына енгізу үшін ұсыныстарын бөлісуге дайын барлық адаммен диалог жүргіземіз. Жақын арада бұл жоспарлар ашық дереккөздерінде және біздің корпоративтік сайтта жарияланатын болады, сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз. Ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – базалық қағидаттар ретінде айқындалды", – деп жазды компания басшысы.
Оқи отырыңыз:
- Президент: "Самұрық-Қазына" қоры қайта құрылмаса, ел экономикасына ол қажет емес
- "Самұрық-Қазына" қорының активтері жекешелендіріледі
Әрі қарай ол елдегі әрбір азаматтың қор активін иелене алатынына тоқталды.
"Менің ойымша, ең ерекшесі – Қазақстан Республикасы азаматтарында ұлттық байлықтарды әділ бөлудің элементі ретінде қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігінің болуы. Біз ел экономикасындағы түйінді проблемаларды шешу мақсатында бизнес-процестерді және қор компаниялары тобындағы корпоративтік басқару практикасын реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергетикасы және телекоммуникация нарықтарындағы өзара қарым-қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараны ұсынамыз. Біз сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарап, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін күшейтуге ниеттіміз", – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Қор басшысы аталған мәселелер бизнес-қоғамдастықпен 26 қаңтар күні әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен ашық диалог форматында талқыланатынын айтты.
"Біздің бағдарлама бекітілген жағдайда, оның табысты енгізілуін және орындалуын қамтамасыз етуге дайынмын. Сіздерден біздің ұжымдық мекен-жайымызға жіберуге болатын ұсыныстарды күтеміз – usynys@sk.kz", – деп қосты Алмасадам Сәтқалиев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
275
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
252
-
0
-
4
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
235
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
240
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
236
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
238
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
231
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
228
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
222
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
225
-
0
-
0
-