USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Салдармен күрес емес, алдын алу: Түркістан облысында "Отбасын қолдау орталықтары" қалай жұмыс істеп жатыр?

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Жергілікті бюджеттен 2026 жылға арнайы 1 350,8 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Бүгінгі таңда облыстың барлық аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан жалпы саны 17 "Отбасын қолдау орталығы" ашылып, халыққа мүлтіксіз қызмет көрсетіп жатыр. Орталықтардың тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2026 жылға арнайы 1 350,8 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта бұл мекемелерде жалпы саны 308,5 бірлік жұмыс істеп жатыр. Барлық орталық бекітілген штаттық нормативтерге толық сәйкестендірілген. Мұнда білікті психологтар, тәжірибелі әлеуметтік қызметкерлер және әрбір отбасының мәселесін жеке зерттейтін әлеуметтік кейс-менеджерлер сияқты тиісті мамандар жұмылдырылған, деп мәлімдеді Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы.

Жаңа жүйе бойынша құрылған бұл орталықтардың қызметі мен негізгі функциялары екі үлкен бағытқа бөлінеді.

Бірінші бағыт: Консультациялар беру және отбасыларды кешенді сүйемелдеу

Орталық жұмысының ең негізгі міндеті – көмекке мұқтаж жандарға бағыт-бағдар беру және оларды жалғыз қалдырмай, мәселесі шешілгенше бірге болу. Бұл бағыт аясында мынадай маңызды шаралар атқарылады:

  • мұқтаждықты айқындау: Азаматтарға жан-жақты консультациялық көмек беріледі. Әрбір адамның немесе отбасының жағдайына терең бағалау жүргізіліп, олардың мемлекет тарапынан көрсетілетін қандай қолдау шараларына нақты мұқтаж екендігі анықталады;
  • жедел әрекет етуші мобильді топтар: Өмірдің қиын соқпағына ұшыраған, тығырыққа тірелген адамдарды өте ерте кезеңде анықтау мақсатында арнайы мобильді топтар құрылған. Орталықтар бұл топтардың жұмысын тікелей ұйымдастырып, үйлестіріп отырады;
  • мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс: Өз құзыреті шегінде қиын жағдайда қалған отбасыларға жан-жақты және кешенді қолдау көрсету үшін түрлі мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдардың іс-әрекеттерін бір арнаға тоғыстырады;
  • дағдарыстан құтқару және уақытша баспана: Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар, зәбір көрген немесе сондай қауіп төніп тұрған адамдардың тиісті арнайы дағдарыс орталықтарына қауіпсіз жолданғанша, олардың уақытша тұратын жерін, баспанасын ұйымдастырумен айналысады.

Оқи отырыңыз: Түрленген Түркістан: "Таза Қазақстан" бағдарламасы өңірді қалай өзгертіп жатыр


Екінші бағыт: Әдіснама және ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу

Қазіргі қолданысқа енген жаңа тәсілде тек салдармен күресу емес, қиындықтардың алдын алу шараларына баса назар аударылған. Осы мақсатта орталықтар мынадай жұмыстарды жүйелі атқарады:

  • халықтың сауаттылығын арттыру: Жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға қолдау көрсету, отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында халық арасында тұрақты түрде оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттырады;
  • талдау және мониторинг: Атқарылған істердің нәтижесін көру үшін арнайы талдамалық жазбалар мен есептер дайындалады. Мұқтаж адамдарға (отбасыларға) көрсетіліп жатқан көмек пен қолдаудың қаншалықты тиімді болып жатқанына тұрақты түрде мониторинг жасалады;
  • жеке қолдау жоспары: Орталыққа өтініш тастаған азаматтардың жағдайына мобильді түрде бағалау жүргізіледі. Содан кейін әрбір отбасын тығырықтан шығарудың жеке сүйемелдеу жоспары сызылады. Бұл жоспардың тиісті мемлекеттік органдар тарапынан уақытылы және сапалы орындалуы қатаң қадағаланып, үйлестіріліп отырады.

"Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған 17 "Отбасын қолдау орталығы" тек кеңес беретін орын емес, әрбір мұқтаж шаңыраққа шынайы қамқорлық көрсететін, қиындықта демеу болатын маңызды әлеуметтік институтқа айналып үлгерді. Мамандардың кәсібилігі мен мемлекеттің жүйелі қолдауының арқасында өңірдегі мыңдаған отбасының мәселесі оң шешімін тауып, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық нығая түсуде", – басқарма басшысы.


Оқи отырыңыз: "Егемен еліміздің жүрегі". Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау