Ресей аумағында WhatsApp пен YouTube сервистері толықтай қолжетімсіз күйге жетті. Бұл туралы "Коммерсантъ" басылымы хабарлады.
Мәлімет бойынша, Ресейдің Ұлттық домендік атаулар жүйесіндегі тізімінен тек whatsapp.com және web.whatsapp.com домендері алынып тасталған. Алайда мессенджердің техникалық домені – whatsapp.net және қысқа сілтемелерге арналған wa.me домені әлі де жүйеде бар. 10 ақпанда Ұлттық домендік атаулар жүйесінен YouTube домені де жоғалған. Соның салдарынан пайдаланушылардың құрылғылары аталған платформалардың IP-мекенжайларын ала алмай отыр.
Қазіргі уақытта бұл сервистерге Ресей аумағында тек VPN арқылы кіруге болады.
Ұлттық домендік атаулар жүйесі ел ішіндегі интернеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылған. Сарапшылар шектеулер "Роскомнадзор" тарапынан енгізілген болуы мүмкін екенін айтады. Олардың пікірінше, бұл қадам техникалық ресурстардың шектеулілігімен байланысты болуы ықтимал.
Бұған дейін "Роскомнадзор" Telegram мессенджері Ресей заңнамасын орындамай отырғанын мәлімдеген. Өткен жылдың тамыз айында елде Telegram мен WhatsApp арқылы қоңырау шалуға шектеу қойылған еді. Ал жыл соңында реттеуші орган WhatsApp қызметі толық бұғатталуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
551.0 / 556.0
RUB:
6.01 / 6.13