"Қызылсай-Шымкент" өткелінде жүк көлігі маневрлік тепловозбен соғысып, пойыздар кешікті

 AP Photo / ELIZABETH DALZIEL
AP Photo / ELIZABETH DALZIEL
Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

"Қызылсай-Шымкент" өткелінде HOWO жүк көлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.

Оқиға 8 тамыз күні сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент учаскесіндегі күзетілетін теміржол өткелінде болып, пойыздар қозғалысының кестесіне әсер етті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, келе жатқан пойыздың алдынан өткелге шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Апат үш жолаушылар пойызының қозғалысын уақытша тоқтатты. Сағат 07:18-де учаскедегі қозғалыс толығымен қалпына келтірілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау