USD: 488.7 / 491.7
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қызылағаштағы жайылым дауы: белгісіз біреулер сиырдың бүйіріне "өлтіремін" деп жазып кеткен

Видео скрині
Видео скрині
Тұрғындар әкімдікті жерді инвесторларға берді деп айыптайды.

Жетісу облысының Қызылағаш ауылында жайылым тапшылығы тұрғындар арасындағы жанжалға ұласты. Ауыл халқы төрт түлікті жаятын жердің жетіспеуінен мәселе жылдан-жылға күрделеніп бара жатқанын айтып, жергілікті биліктен нақты шешім талап етіп жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта дау мал иелеріне қысым көрсетуге дейін жеткен. Жақында ауылдағы сиырлардың бірінің денесіне қызыл бояумен "Өлтіремін" деген жазу жазылып, белгісіз біреулер малды қорлаған.

Мал иесі Серік Әділханұлының сөзінше, бұл жайылым жетіспеушілігінен туындаған келіспеушіліктің салдары.

"Кешке мал осылай жазулы болып келді. Бұдан бөлек, малдың денесіне өткір зат сұғылған сияқты із бар. Осы жағдайдан кейін полицияға шағымдандым. Мұның бәрі ауылда жайылым жердің жоқтығынан болып отыр", – дейді тұрғын.

Ауыл тұрғындары бұрын мал жаюға пайдаланылған аумақтардың бір бөлігі жеке кәсіпкерлердің иелігіне берілгенін алға тартады. Олардың пікірінше, бос жатқан жерлер ауыл шаруашылығы қажеттілігіне емес, басқа мақсаттарға пайдаланылып жатыр.

"Жергілікті халық сұраған кезде жер берілмеді. Ал қазір кейбір аумақтардың жыртылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл жерлердің кімге берілгені туралы нақты ақпарат жоқ", – дейді ауыл тұрғыны Мирас Әбубәкіров.

Тұрғындардың айтуынша, ауылда мал саны көп болғанымен, жайылымның жетіспеуінен төрт түлікті ұйымдасқан түрде бағу қиындаған. Соның салдарынан мал жеке учаскелерге кіріп кетіп, көршілер арасында жанжал жиілеген.

Ал Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Нұрлан Серікұлы мәселені шешу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыл маңындағы 5611 гектар жер жайылым ретінде бекітілген.

"Қазір қосымша жерлерге талдау жүргізіліп жатыр. Болашақта жайылым заңына сәйкес жоспар әзірленеді. Сондай-ақ кейбір жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", – деді ауыл әкімі.

Қазір жергілікті билік елді мекенге жақын аумақтарды ауыл тұрғындарының игілігіне беру мүмкіндігін қарастыруда. Алайда тұрғындар мәселенің сөз жүзінде емес, іс жүзінде тезірек шешілгенін қалайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз