Тікелей эфир

30-летие независимости Казахстана
Қырымбек Көшербаев Түркістан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен еңбегімен дараланған азаматтары да мерекелік жиында Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен жетістіктер туралы ой қозғады. 


Қырымбек Көшербаев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін, еліміздің басынан өткерген түрлі қиындықтар мен сынақтар жайында айтты. Мемлекеттің нығайып, әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлемдік аренада өзіндік орын алуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбек сіңіргенін жеткізді.

Осындай жасампаз жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Сабақтастық. Әділет. Өрлеу" принципімен, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасымен лайықты жалғастырып жатқанына тоқталды. 

"Тәуелсіздік жылдары еліміздің шекарасы бекемделді. Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті  нығайды. Әлемнің 138 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Осы жылдар ішінде еліміздің ішкі жалпы өнімі 17 есе өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы  сияқты ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып, төрелік айтып, төріне шықтық. Мемлекетіміз әлем халықтары алдында зор беделге ие болды", – деді Мемлекеттік хатшы. 

Бұдан бөлек, Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жаңа келбеті қалыптасқанын, аз ғана уақытта ғасырға пара-пар іс атқарылғанын айтты. 

"Осы отыз жылда мемлекет жаңғырып, ұлт қайта түледі. Тәуелсіздік жылдары бой көтерген ғажайып елорда Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Халқымыз мақтан ететін еліміздің барлық өңірлерінде де ұланғайыр жасампаздық істер атқарылды. Мұның өзі біздің қуатты ел екенімізді паш етті. Сіздердің облыстарыңыз да басқа өңірлер сияқты ел экономикасының дамуына жылдан-жылға үлес қосып келеді", – деді Қырымбек Елеуұлы. 

Мерекелік жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұртшылықты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, өңірдегі оң өзгерістерге тоқталды. Тәуелсіздіктің ұлы құндылық екенін тілге тиек етті.

Жиында түрлі салада Қазақстанның мерейін асырып жүрген азаматтар ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш Қазақстан және Түркі елдері әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары