Қазақстанның оңтүстік бөлігінде күн суытады.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қыркүйектің соңғы үш күнінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады.
"Қазақстанның батыс бөлігінде ғана солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, тұман күтіледі. 28-29 қыркүйекте елдің шығыс бөлігінде түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады», – деді синоптиктер.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бірте-бірте күн суытады: күндіз ауа температурасы 17-23 градус, ал таулы аймақтарда 8-13 градус суық болады.