Тікелей эфир

Қырғызстанда крематорийлер салынады

Олардың құрылысы мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Қырғызстанда мемлекеттік крематорийлер салу жоспарланып отыр. Бұл туралы елдің Жогорку кеңешінің депутаты Марлен Маматалиев мәлімдеді, деп хабарлады 24.kg.

Депутаттың айтуынша Қырғызстанның жерлеу ісі туралы заңнамасында крематорий салуға рұқсат берілген. 

"Қазір осы заңнама аясында кей дін өкілдерін кремация жасауға болады. Крематорийлерде мұндай адамдардан бөлек, түрлі аурудан қайтыс болған жануарларды да өртеуге болады. Қазір олардың өлекселері жай ғана шашылып жатыр", – деді Марлен Маматалиев.

Ол, сондай-ақ заң қабылданғаннан кейінгі жарты жыл ішінде өзге де қажетті нормативтік актілер мен ережелер әзірленетінінен құлағдар етті. 


Оқи отырыңыз: Как выглядит первый в стране крематорий, который построили в Алматы


Крематорийлер қалаларда және тек мемлекет қаржысы есебінен ғана салынады. 

"Кремация жұмыстарын құзыретті органдар ғана жүзеге асырады. Оның өз тәртібі, рұқсат қағаздары бар. Яғни, кез-келген адам барып өзін не жақынын кремация жасата алмайды", – деді депутат. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары