Тікелей эфир

Құрбан айт қарсаңында Алматының жан-жағына 12 бақылау бекеті орнатылды

Алматыда биыл айт намазы оқылмайды.

Алматының жан-жағына 12 жерге арнайы бекет орнатылды. Онда полиция қызметкерлері мен ветеринар мамандар кезекшілік етеді. Олардың мақсаты - қалаға мал тиелген көлікті кіргізбеу, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Құрбан айт кезінде қала ішіндегі мал сататын базарлар мен қасапханалар да жабық болады. Бұл орындардың жұмыс істемеуін әкімдік жанынан құрылған арнайы топ бақылайды. Ал "Құрбанық – 2021" сайты арқылы тапсырыс берілген малдар қаланың шетінде, белгіленген жерде сойылады", – дейді мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор Әкімқұл Мырзақұлов.

Алматы дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көкшенің айтуынша, сойылған малдың етін дер кезінде тарату бойынша мүфтияттың жанынан құрылған жұмысшы топқа волонтерлар тартылады.

"Олар дер кезінде осы мұқтаж жандарға еттерді үлестіруге көмектесетін болады. Құрбан2021.кз сайты кеше іске қосылды. Ол 22-ші шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткендер сол аралықта тапсырыс бере алады. Ал мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап сайт арқылы өтініш білдірсе болады. Тапсырыс берген адам шалынған құрбандық туралы барлық мәліметті біліп отырады. Оған WhatsApp желісі арқылы бейне есеп пен фото суреттер жіберіледі", – деді ол.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары