Тікелей эфир

Құранды өртеген Ресей азаматы Никита Журавель 3,5 жылға сотталды

Ол үкімді тыңдағаннан кейін барша мұсылмандардан кешірім сұраған.

Грозный соты 2023 жылы 4 мамырда Құран кітабын өртеген Волгоград тұрғыны Никтиа Журавельге үкім шығарды. Ол жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейді.

Тасс агенттігінің хабарлауынша, ол үкімді тыңдағаннан кейін барша мұсылмандардан кешірім сұрап, сот үкімін әділ деп санайтынын мәлімдеген. Бұған дейін ол Ислам дінін қабылдау ниетін білдіріп, қазір Құран оқып жүргенін айтқан болатын.

Дегенмен, басылымның жазуынша, Журавельдің адвокаты Юлия Антонова үкімге шағым түсіретінін мәлімдеген. Оның айтуынша, үкімнің қаншалықты заңды екенін қылмыстық істер бойынша сот алқасы қарауы керек.

Еске салайық, Никита Журавель Волгоградтағы мешіт маңында Құран кітабын өртеген болатын. Ол 20 мамырда ұсталып, 22 мамырда қамауға алынған.

Тергеу барысында ол өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған. Ал Журавельдің бұл әрекеті Шешенстанда мыңдаған адамның ереуілге шығуына себеп болды.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Құранды өртеу – мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіретін арандатушылық әрекет


Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы шілдеде бірқатар мемлекетте болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет екенін мәлімдеген болатын

Материалда RTVI фотосуреті қолданылды. 

Серіктестер жаңалықтары