USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады

Президент мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беруді ұсынды.

Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

"Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады", – деді президент.

Сонымен бірге президент бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек екенін айтты. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау