Жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" жаңа бағдарламасы іске қосылатынын айтты.
"Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әр отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуға тиіс. Сол себепті мен жариялаған Балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" жаңа бағдарламасын іске қосу өте маңызды деп есептеймін", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Тоқаев балалардың шотына жыл сайын Ұлттық банктің инвестициялық табысын аударып отыруды ұсынды.
"Балалар 18 жасқа толғанша мерзімінен бұрын алу құқығынсыз олардың жинақ шотына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысынан 50% аударып отыруды ұсынамын. Кәмелет жасына толғаннан кейін жиналған соманы үй немесе білім алуға жұмсайды. Бұл қаржы өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына серпін береді", – деді президент.
Мемлекет басшысы ауқымды бастама тыңғылықты әзірлеуді қажет ететінін ескере отырып жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарында іске қосуды тапсырды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-