ҚТЖ боранда жолда қалып қойған 300 жолаушыны тасымалдады

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Жалпы, ҚТЖ пойыздарда 700-ден астам қосымша орын ұйымдастырған.

Қазақстан темір жолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдардан 300-ден астам жолаушыны пойыздармен тасымалдады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

"Ауа райының күрт бұзылуы елдің бірқатар аймақтарында автомобиль жолдарының ішінара жабылуына себеп болды. Бұл жағдайда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары 300-ден астам жолаушыны Ерейментау, Бурабай, Ақкөл, Шортанды станцияларынан жедел тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, көліктің жалғыз қауіпсіз және сенімді түріне айналды", – делінген компанияның хабарламасында. 

Жалпы, ҚТЖ пойыздарда 700-ден астам қосымша орын ұйымдастырған.

ҚТЖ азаматтарды қолайсыз ауа-райы жағдайында сақтық шараларын сақтауға және мүмкіндігінше қажетсіз сапарлардан аулақ болуға шақырады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанның екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар жабылды


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз