Тікелей эфир

Қосымша білім беру ұйымдарында шектеуге орай сабақ өтпеген ұстаздардың жалақысы сақталады

Штаттық режимдегі кіші топтарда бала саны оннан аспауы тиіс.

БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова қосымша білім беру мекемелерінде сабақ өткізуге мүмкіндігі болмаған ұстаздардың жалақысы сол күйі сақталатынын мәлімдеді.

"Қосымша білім беру ұйымдарында сабақ өтпеді деген болмайды. Олар сабақ міндетті түрде өтеді, бірақ оның форматы өзгереді – штаттық немесе қашықтықтан дегендей", – деп түсіндірді Гүлмира Каримова.


Оқи отырыңыз: Алматыда балабақшалар 20 қаңтардан бастап жұмыс істейді


Айтуынша, мектептен тыс ұйымдарда жұмыс кіші топтарда штаттық форматта жүргізіледі. Сәйкесінше қатысушы оқушылар саны оннан аспауы тиіс.

"Мектеп қабырғасында қосымша білім беру ұйымдары болған жағдайда олар жұмысын қашықтықта жалғастырады. Сол себепті мұғалімдердің жұмысы жоқ деп айтуға болмайды. Жұмыс басқа форматта жүріп жатқандықтан, міндетті түрде мұғалімдер жалақысы сақталады", – деп сендірді Гүлмира Каримова.

Еске салсақ, Білім министрі Асхат Аймағамбетов Маңғыстауда мектеп тапшылығы мәселесі бар екенін мәлімдеген болатын. Министрдің сөзінше, бір жылда өңірде оқушылар саны 9,5 мың балаға артқан.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары