Тікелей эфир

Қостанай мен Жамбыл облысында gosagro.kz арқылы фермерлерге арзандатылған отын бөліне бастады

Қазіргі уақытта екі облыстың фермерлері өтінім беріп жатыр.

Gosagro.kz жүйесінде арзандатылған отынды бөлу қызметі іске қосылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пилоттық режимде жұмыс істейтін қызмет түріне Қостанай және Жамбыл облыстарының фермерлері өтінім беріп жатыр.

Жүйеде "Қазақстан ғарыш Сапары" ҰК" АҚ деректері негізінде алқаптар картасы қалыптасады. Мұнда өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленіп, agropak.kz порталында көрсетіледі", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды


Сондай-ақ, Gosagro.kz жүйесінде субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды "бұғаттау" функциясы іске қосылды.

"Яғни фермерлерді мемлекеттік қолдауға бағытталған бюджет қаражаты тиімді және мақсатқа сай пайдаланылады. Мәселен, бүгінгі таңда республика бойынша 28 447 фермер өтінім беріп, 20 767 пайдаланушы тіркелді. "Күту парағына" сәйкес, 57,7 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды (төленді)", – делінген хабарламада.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 355 қаржы институты тіркеліп, 96,5 млрд теңгеге өтінімдер өңделіп, төленген.

Серіктестер жаңалықтары