Себебі, бұрынғы бейнекамералардың ақпараттық жүйесі әлсіз.
Қорғаныс министрлігі әскердегі тәртіпті бақылау үшін "ақылды" камералар орнатпақ, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жауапты ведомствоның өкілдері еліміздегі барлық әскери бөлімдерге жасанды интеллект жүйесі бар құрылғыларды қоюды жоспарлап отыр.
Себебі, бұрынғы бейнекамералардың ақпараттық жүйесі әлсіз. Ал жаңа құрылғылардың мүмкіндігі көп дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Оның айтуынша, жаңа жүйе қызметкерлер жұмыс уақытында шығып кетсе, сарбаздар топ болып жиналса дабыл қағады екен.