Қолөнер саласында бизнес бастағысы келетіндерге арналған курс басталды

Курс соңында қатысушыларға сертификат беріледі.

21 шілдеде қолөнершілерді қолдау және ілгерілету мақсатында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі бірлесіп қолға алған Born Nomad жобасы басталды.

Конкурсқа қатысу үшін "Қолөнер бренді және өнім" курсын міндетті түрде оқу керек. Курсқа гиперсілтеме арқылы өтіп, өтінім қалдыруға болады.

Жоба бизнес бастағысы келетін немесе қолөнер саласында жұмыс істегісі келетін шеберлерге арналған. Курсты аяқтап, тесті сәтті тапсырған қатысушыға сертификат беріледі.

Курс авторы – 17 жыл еңбек өтілі бар халықаралық кеңесші, бизнес коуч және Aika Alemi брендінің авторы әрі дизайнері Айка Алеми.

Еске салсақ, "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты аясында 30 үздік жобаға 3 миллион теңгеден берілетіні туралы хабарлаған едік. Өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден бастап 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Следите за самыми актуальными новостями в нашем
Telegram-канале и на странице в Facebook

Присоединяйтесь к нашему сообществу в Instagram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Оқи отырыңыз

Серіктестер жаңалықтары