Әдетте зорлық-зомбылықты баланың сенім артатын адамдары, яғни, отбасы мүшелері немесе таныстары жасайды.
Қазақстандық қоғамдық даму институты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы пікірталас өткізді. Институт зерттеулері көрсеткендей, азаматтар мынадай әрекеттерді зорлық-зомбылық деп түсінеді:
- Сексуалды зорлық-зомбылық жасау (зорлау, азғындық және жыныстық сипаттағы еріктен тыс басқа да әрекеттер) – 95,9%;
- Ұрып-соғу, қол көтеру – 95,7%;
- Балаларды қатыгездікпен жазалау – 94,8%;
- Суицидке итермелеу – 90,1%;
- Жеңіл физикалық қысым көрсету (итеру, қолды қайыру) – 88,2%.
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты, Қылмыстық саясат және криминология мәселелерін зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Бибігүл Құлмұханбетованың айтуынша, әдетте зорлық-зомбылықты баланың сенім артатын адамдары, яғни, отбасы мүшелері немесе таныстары жасайды (74,6%).
Олардың 28,2%-ы – бірге тұратын ата-аналары (өгей әкелер), ал 26,2%-ы – таныс емес адамдар. Сексуалды зорлық-зомбылыққа әдетте 14 жасқа дейінгі балалар ұшырайды (54,5%) және ол ұзақ уақыттар бойы жалғасады (3 айдан 7 жасқа дейін).
Оқи отырыңыз: "Анаңа айтсаң, аямаймын". Зорлық көрген балалардың құқығын кім қорғайды?
"Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасауға жақын туыстарының баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы, яғни оны мас қылмыскердің жанында жалғыз қалдыру, баланың шағымдарына, мінез-құлқындағы өзгерістерге жеткілікті назар аудармау, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырмау, отбасының тұрмыстық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдағы, отбасыдағы салт-дәстүрлерге байланысты бұрмаланған моральды идеялар, заңды өкілдердің қылмыскерлерді қорғауы, отбасы мүшелері арасында эмоционалды байланыстың болмауы және микроортаның немқұрайлығы, халықтың құқықтық және жыныстық сауатының төмендігі секілді факторлар ықпал етеді", – деді Бибігүл Құлмұханбетова.
Халықтың құқықтық және жыныстық сауаттылығын арттыру мақсатында балалардың қауіпсіздігі туралы пәнді міндетті мектеп бағдарламасына енгізу, мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарында кәмелетке толмағандардың жыныстық зорлық-зомбылық және девианттық мінез-құлық белгілерін анықтау әдістерін үйрету, ата-аналар жиналысында зорлық-зомбылықсыз педагогика әдістері бойынша сабақтар өткізу ұсынылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-