Қазақстанда 1 085 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.
Олардың 527-сі Өзбекстан, 234-і Ресей, қалғандары Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан азаматтары.
Сенат отырысында Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы шартты ратификацияланды.
Бас прокурор орынбасарының айтуынша, Қазақстанда сотталған Вьетнам азаматтары жоқ (Вьетнамда сотталған қазақстандықтар да жоқ), бірақ халықаралық қатынастардың белсенділігін ескере отырып, ықтимал қақтығыстарды болдырмау үшін мұндай келісімді қабылдау қажет.
Мәлім болғандай Қазақстан Қытай, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты 23 елмен осындай келісімдер рәсімдеген.
Тек кейінгі бес жылда Қазақстанға жазасын өтеу үшін басқа елдерден 160 азаматымыз ауыстырылса, 900 Қазақстан азаматы жазасын өзге елде өтеп жатыр.