Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста тасжол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Жетісу облысында "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскесінде (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
"Абай облысында "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін), сол сияқты "Таскескен-Бақты" автожолының 0-75 шақырым аралығындағы учаскесі (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін) жабық", – делінген хабарламада.
Жол 30 қаңтар күні сағат 18:00-де ашу жоспарланып отыр.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63