USD: 471.9 / 474.9
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанның бірқатар өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оңтүстікте аптап ыстық, солтүстік пен шығыста жаңбыр болады.

28 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. "Қазгидрометтің" болжамынша, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі.

Ал солтүстік, шығыс және батыстың жекелеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда бұршақ, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі.

Ең жоғары ауа температурасы Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа +39...+41 градусқа дейін ысиды. Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Атырауда +37...+39 градус ыстық болады. Қостанайда +35...+37, Жезқазғанда, Таразда және Оралда +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.

Астанада күн құбылмалы болып, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар бұршақ түсіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +28...+30 градус болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз +30...+32 градус ыстық күтіледі. Қонаевта +31...+33, Қарағандыда +28...+30, Талдықорғанда +29...+31 градус болады.

Семей мен Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Көкшетауда да күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оралда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Петропавлда жауын-шашынсыз болғанымен, түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел күшейеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау