USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Қазақстанның әуе маршруттары 10 жылда 50 пайызға жуық өсті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазіргі уақытта Қазақстанға 42 шетелдік және отандық авиакомпания тұрақты рейс орындайды.

Қазақстанда соңғы 10 жылда әуе тасымалы қарыштап дамыған. 2015-2025 жылдар аралығында тұрақты бағыттар саны 200-ден 295-ке ұлғайды. Өсім 48 пайызға тең. Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының Regional Air Connectivity in Kazakhstan: A 2025 Snapshot сараптамалық материалында жазылған. 

IATA деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанға 42 шетелдік және отандық авиакомпания тұрақты рейс орындайды. Айта кетейік, 2015 жылы олардың саны 34 болған.

"Қазақстанда әуе қатынасын 22 әуежай қамтамасыз етеді. Бағыттардың 42 пайызы орта магистральды, 37%-ы қысқа магистральды, 11 пайызы ұзақ магистральды рейстер санатына жатады. Сонымен қатар, бүгінгі маршруттардың 70 пайызы 2015 жылғы бағыттарға ұқсамайды, бұл соңғы онжылдықта Қазақстанның әуе байланысында елеулі өзгерістер болғанын көрсетеді", – делінген материалда. 

Regional Air Connectivity in Kazakhstan: A 2025 Snapshot

Сондай-ақ, IATA-ның Central Asia's Growing Role in Global Air Cargo Flows зерттеуінен бір Қазақстан ғана емес, тұтас орталық Азия жаһандық әуе жүк тасымалы желісіндегі өз орнын нығайтып келе жатқанын байқауға болады. Мәселен, 2019 жылдан бері өңірдегі әуе жүк тасымалының көлемі екі еседен астам өссе, ал тікелей транзиттің үлесі жалпы әуе жүк тасымалы көлемінің 59 пайыздан шамамен 65 пайызға дейін артқан.

"Осы үрдіс аясында Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші әуе жүк хабы ретіндегі көшбасшылығын бекемдеді. 2024 жылы елдегі импорттық, экспорттық және транзиттік әуе жүктерінің жиынтық көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 149 пайызға артты. Зерттеу экспорттық тасымалдың қарқынды өсуі өңірдің бұрынғы техникалық қону алаңынан Еуропа мен Қытай арасындағы жүк ағындарын біріктіретін негізгі логистикалық торапқа айналып отырғанын көрсетеді", – делінген материалда.

Орталық Азияның қарқынды дамуы әуе кеңістігіндегі шектеулер мен әуе желілерін оңтайландыру үдерісінің жүк ағындарын жаңа аралық дәліздерге қайта бағыттап жатқанын айқын көрсетеді. Тікелей транзиттік аялдамалардың жергілікті экономикаға әсері шектеулі болғанымен, импорттық, экспорттық және байланыстырушы жүк ағындарының тұрақты өсуі ұзақ мерзімді перспективада әуежайлар экожүйесінің дамуына және өңірдің логистикалық әлеуетінің нығаюына ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз