Келесі аптаның басында Астанаға Қытай Халық Республикасының nөрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.
"16-17 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады", – делінген хабарламада.
Сапар аясында Астанада «Орталық Азия–Қытай» саммиті өтеді.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07