Тікелей эфир

Қазақстандықтар наурызда 12 күн демалады

Биыл 8 наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні болады.

Келер наурыз айында қазақстандықтар демалыс күндерін қосып есептегенде 12 күн демалады.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 6, 7 және 8 наурыз күндері демалыс. Алайда биыл 8 наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні болады.

Сондай-ақ, қазақстандықтар 21-23 күндері Наурыз мерекесін атап өтеді. 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұрғандықтан, 19, 20, 21, 22 және 23 наурыз күндері демалыс.

Бұған дейін үкімет демалыс күндерін 2022 жылдың 5 наурызындағы сенбіден 2022 жылдың 7 наурызындағы дүйсенбіге және 2022 жылдың 27 тамызындағы сенбіден 2022 жылдың 29 тамызындағы дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдаған болатын.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары