Новости спорта

Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады

Базалық лауазымдық жалақы мөлшері – 17 697 теңге.

Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы үшін берілетін үстемеақы мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 100 пайыз мөлшеріне дейін (қазіргі таңда – 50%) өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болғанын бұған дейін жазғанбыз. Жобада  үстемеақыны арттыру үшін үш жылдық республикалық және жергілікті бюджеттерден 16,5 млн теңге қосымша қаражат талап етілетіні жазылған.

Информбюро порталының сауалына орай, Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда қанша халық әртісі барын және олардың қаншасының жалақысы артатынын хабарлады. 

"Бүгінгі күні Қазақстанда "Халық әртісі" атағына 51 адам ие. Оның ішінде мемлекеттік мәдениет мекемелерінде 44 адам жұмыс істейді. Аталған қаулыға өзгеріс енгіннен кейін "Халық әртісі" атағы бар жұмыс істейтін қайраткерлерге 100 пайыз базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде (17 697 теңге) үстемеақы төленеді", – делінген министрлік жауабында.


Оқи отырыңыз: Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады. Министрлік 3 жылға 16,5 млн теңге сұрап отыр


Айта кетейік, қаулы жобасы 19 ақпанға дейін қоғам талқысына ашық.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары