Тікелей эфир

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болды

Фото: Колеса
Фото: Колеса
Ол – Қызылорда – Арал автожолы.

Қызылорда – Арал автожолы 26 қаңтардан бастап ақылы болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:

  • "Қызылорда–Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы" республикалық маңызы бар автожолының "Қызылорда–Жезқазған" учаскесі,
  • "Жезқазған – Петропавл" республикалық маңызы бар автожолының "Жезқазған – Арқалық" учаскесі,
  • "Арқалық – Торғай" облыстық маңызы бар автожолы,
  • "Торғай – Шеген – Ақшығанақ – Дүкен – Ырғыз" аудандық маңызы бар автожолы,
  • "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент" республикалық маңызы бар автожолының "Ырғыз – Арал" учаскесі;
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары