Тікелей эфир

Қазақстанда қолөнершілердің мәртебесі бекітіліп, ұлттық тізілімі жасалады

Дене шынықтыру мен спортты дамыту және Мәдени саясат тұжырымдамалары қабылданды.

Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген Дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ 2023-2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлады сала министрі Асхат Оралов.

Мәдениет және спорт министрінің жазуынша, этнографиялық туризмді дамытуға көңіл бөлінбек.

"Бұл салада шағын бизнесті жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпарат тарату, Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлерімен байланысты қазақ аңыздарының иллюстрацияланған жинақтарын шығару, сондай-ақ қолөнершілікті дамыту арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қолөнершілікті дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілер жетілдіріледі, Қазақстан қолөнершілерінің ұлттық тізілімі қалыптастырылады және олардың мәртебесі бекітіледі", – деп жазды Асхат Оралов.  


Оқи отырыңыз: Қазақ қолөнерін жаңғырту жобасы қалай жүзеге асып жатыр? Qazaq Oner орталығынан фоторепортаж


Сондай-ақ, басым туристік орындарда қолөнер шеберханаларының желісін ашу, ұлттық және өңірлік кәдесый өнімдерінің стандарты мен көрнекі сәйкестігін әзірлеу, қолөнер өнімдерін сатуға арналған бірыңғай маркетплейспен қолөнер бойынша қолданыстағы онлайн-платформаларды біріктіру, Қазақстанда қолөнер саласында өзін-өзі реттейтін ұйым құруға жәрдемдесу жоспарланып отыр.

Министрлік болжамынша, 2030 жылға қарай ішкі туристер саны 11 млн адамға, ал шетелдік туристер санын 4 млн адамға дейін артады. Қазақстанның орналасу орындарында төсек-орын санын 280 мың бірлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр. "Саяхат" жіктемесі бойынша қызметтер экспорты 5,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі.

Серіктестер жаңалықтары