USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда психологиялық көмек көрсету ережесін бұзғанға айыппұл енгізіледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Психологтарға жаңа жауапкершілік қарастырылып жатыр.

Қазақстанда психологиялық қызмет көрсету ережелерін бұзған мамандарға әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда. Бұл түзетулер бүгін Мәжілісте "Психологиялық қызмет туралы" заң жобасы аясында талқыланды.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова заң жобасына сәйкес, психологиялық қызметпен тек мемлекеттік тізілімге енгізілген мамандар айналыса алатынын айтты. Ол сондай-ақ тізілімге енбеген мамандар психологиялық көмек көрсеткен жағдайда туындауы мүмкін тәуекелдерге назар аударды.

Депутат психологиялық қызмет көрсету нәтижесінде адам денсаулығына зиян келген жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылғанын сұрады. Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова жауап ретінде қолданыстағы заңнамада мұндай жағдайлар үшін Қылмыстық кодекске сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді. Зиянның ауырлық дәрежесіне байланысты, әдейі зиян келтірілген жағдайда, айыппұлдардан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі шаралар қолданылуы мүмкін.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар психологиялық көмек көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жеке әкімшілік жауапкершілік енгізу қажет деген қорытындыға келді.

"Қазіргі уақытта біз психологиялық көмек көрсету тәртібін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын қарастыратын түзетулерді талқылап отырмыз. Айыппұл мөлшері әлі де қарастырылып жатыр, екінші оқылымға дейін оларды пысықтаймыз", – деді Айна Мысырәлімова.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз