Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасына сәйкес, педагог лауазымына жататын тәрбиешілер қатарына патронат тәрбиешілер қосылмақ. Бұған дейін бұл санатқа аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), жатақхана тәрбиешісі, ана-тәрбиеші жататын.
"Бұйрық жобасында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" жұмыс тәртібі, мемлекеттік қызметті проактивті түрде және патронат тәрбиешілер мен баланы қабылдайтын отбасыны педагог лауазымдарының тізбесіне толықтыру енгізу көзделген" делінген оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасына түсіндірме жазбада.
Бұл өзгеріс патронат тәрбиешілерді ынталандыру мақсатында олардың еңбекақысын арттыру үшін енгізілгелі отыр.
Оқи отырыңыз:
- Баламен қарым-қатынас құру құпиясы. Қайтсек жақсы ата-ана атанамыз?
- Қазақстанның бала тәрбиесі бойынша соңғы орында тұрғаны рас па? Аймағамбетов түсіндірді
- Қазақ отбасында әкенің орны қандай болған? Қазір қандай?
Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды өз отбасында тәрбиелеу үшін алғандар патронаттық тәрбиешілер санатына жатады. Олар:
- патронат келісім-шарты бойынша жұмыс істейді;
- еңбекақы алады.
Сондай-ақ, патронаттарды қабылдаған отбасының тәрбиеленушілеріне тамақ, киім, аяқ киім және басқа да тұрмыстық заттар алуға ай сайын қаражат бөлінеді.