Тікелей эфир

Қазақстанда пара алғандар енді 20 есе айыппұл төлейді

Қолданыстағы заңда айыппұл мөлшері 5 мың АЕК болып бекітілген болатын.

Әділет министрлігі Ашық НҚА порталында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады. 

Жобада коммерциялық пара берушілерге жазаны қатаңдату жоспарланған. Атап айтқанда, пара алушыларға алған пара сомасының 10 еседен 20 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салынады. 

Егер пара мүлік түрінде берілсе, ол сол мүліктің құны мөлшерінде айыппұл төлейді. Болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әділет министрлігінің түсіндіруінше, айыппұлдардың жаңа мөлшері "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасымен және бас прокуратураның тапсырмасы аясында енгізіліп отыр. 


Оқи отырыңыз: Жемқорлық коронавирустен де қауіпті дерт. Оған қарсы вакцина табыла ма?


 

Серіктестер жаңалықтары