Қазақстанда кәсіби футбол жаттығуларына арналған мобильді қосымша іске қосылды

Фото: KuickTech IT-компаниясы
Фото: KuickTech IT-компаниясы
Football Pro ТМД нарығында футболшыларға арналған толыққанды жаттығу бағдарламаларын ұсынады.

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушысы, қазақстандық KuickTech IT-компаниясы жасөспірімдер мен ересектерге арналған Football Pro мобильді қосымшасын әзірледі. 

Бұл қосымша футбол дағдыларын жетілдіргісі келетіндер үшін кәсіби бағыттағы жаттығу бағдарламаларын ұсынады. Ол тәжірибелі футбол жаттықтырушысының қатысуымен жасалған және пайдаланушылардың жүйелі жаттығу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

"Жаттығулар күндерге бөлінген – пайдаланушы ертең немесе арғы күні немен айналысатынын ойлап әуре болмайды. Қосымшаны ашып, қай күні тоқтағанын таңдап, жаттығуды бастай алады. Әрбір жаттығу егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көрнекі көрсетілімдермен және қажет құрал-жабдықтар бойынша нұсқаулықтармен бірге беріледі", – деді стартаптың кофаундері Паул Кукитз. 

Football Pro-ның басқа футбол қосымшаларынан айырмашылығы – ол тек тәжірибе мен шеберлікті шыңдауға бағытталған. Әлеуметтік желілер сияқты алаңдататын элементтер жоқ. Мұнда тек 3000-нан астам футболшыға сыналған, дәлелденген және тиімді жаттығулар ғана жиналған. 

Көпшілігі өз елінің жетекші академияларына түссе, Еуропада ойнап жүргендері бар. Кейбірфі тіпті ұлттық құрамаларға да шақырылды.

"Футбол мені спортқа ғашық етті. Қазір тұрақты түрде спортзалға барып, жиі жүгіремін. Ұлымды да футбол үйірмесіне бердім – бұл тек спорт емес, сонымен қатар әлеуметтену, эмоция, достық. Бала күнімде техникамды жетілдіруді армандаушы едім, ондай мүмкіндік болмады. Сол жылдары осындай қосымша болғанда – Лионель Мессиге оңай болмас еді", – деді стартаптың кофаундері Евгений Фоменко.

Қосымша авторлары жақын арада оған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды жаттықтырушы қосуды жоспарлап отыр. Бұл функция қолданушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке ұсыныстар береді. 

Серіктестер жаңалықтары