USDUSD: 515.9 / 518.3
  • EUREUR: 584.0 / 588.0
  • RUBRUB: 6.21 / 6.33
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Қазақстанда фарфор ыдыс өндірісі ашылады

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Аталған жобаларға салынатын инвестиция көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды.

Қордай ауданында салынып жатқан индустриялық сауда-логистикалық кешен аумағында фарфор ыдыс өндіретін зауыт ашылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің Жамбфл облысына сапарында "Romsey Holdings KZ" ЖШС басқарушы директоры Абзал Мыңбаев мәлімдеді.

Компания Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін, пластик ыдыстарды қайта өңдеу, кабельдік өнімдер мен фарфор ыдыстарын өндіру бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Аталған жобаларға салынатын инвестиция көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов индустриялық кешенді аралау барысында жобаға инженерлік инфрақұрылым бойынша жәрдем көрсету қажеттігін атап өтті. Кешенді дамыту дайын өнімді өткізудің тиімді жүйесін құруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары