USD: 472.3 / 475.3
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Қазақстанда дүниежүзілік "Аударыспақ" федерациясы құрылды

Аударыспақ – қазақтың ұлттық ат спорты.

Алматыда дүниежүзілік "Аударыспақ" федерациясы құрылды. Оған Еуразияның 10 елі мүше болды, деп хабарлады "Хабар 24".

Аударыспақ спорты қазақтың ұлттық аударыспақ ойынына негізделген. Мұндай спорттық ойындар қазіргі таңда тек Қазақстан емес, Орталық Азия, Кавказ өңірі, тіпті, Еуропа елдерінде де танымал. Ал Қазақстанда 2 мыңға жуық адам осы спорт түрімен айналысады.

Жаңадан құрылған "Аударыспақ" федерациясы өзінің басты міндеті ретінде "Аударыспақ" спортын дамыту және оны ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізуді атап отыр.

"Бірінші кезекте біз бұл спорт түрінің баршаға ортақ бірыңғай саясаты мен ережесін әзірлемекпіз. Өйткені, әрбір елде өзінің ішкі тәртібі бар. Ал біз ортақ ереже әзірлеп, оны федерация аясында бекітпекпіз. Одан әрі біздің спорт бойынша нұсқаулықтар мен кітаптар шығарамыз", – деді "Аударыспақ" федерациясының президенті Марат Жұман.


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау