Қазақстанда дизель отыны мен бензинді әкетуге тыйым тағы ұзартылуы мүмкін

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Құжат талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазақстанда дизель отыны мен жанар-жағармайды елден шығаруға салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында көрсетілген.

29 наурыздан бастап енгізілуі мүмкін тыйым алыс шетелге ғана емес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге де (бұрын келісімшарт жасалған көлемдерді қоспағанда) қолданылады.

Жанар-жағар майды автомобиль көлігімен әкетуге болмайды (бұл жанармай бактарында әкетуге қатысты емес). Гуманитарлық көмек көрсету аясында мұнай өнімдерін әкету (үкіметтің шешімі бойынша) және ғылыми қызмет үшін үлгілерді әкетуге рүқсат бар.

Қазақстандық мұнай өнімдерін теміржол арқылы да экспорттауға тыйым салынады (жеткізу жоспарларына сәйкес және гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде бензин шығаруды қоспағанда).

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары