Кеше Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағында болған қазақстандықтардың арасында ҚазМұнайГаз компаниясының еншілес ұйымы мен мердігерінің қызметкерлері бар.
Олар:
- Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы, "Өзенмұнайсервис" ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетті. "Өзенмұнайсервис" ЖШС – ҚМГ-ның еншілес мекемесі.
- Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, "МұнайФилдСервис" ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек салада 16 жыл еңбек еткен. "МұнайФилдСервис" ЖШС – "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның мердігер ұйымы.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымы Ақтау қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтады "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін күйзеліспен хабарлаймыз", – делінген компанияның хабарламасында.
Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрліні қазақ болған қазақстандықтардың тізімін жариялады.
Оқи отырыңыз: ТЖМ Ақтау маңындағы әуе апатында қаза болған Қазақстан азаматтарының тізімін жариялады