Тікелей эфир

Қазақстанда бұрын рұқсат берілген барлық құрылысты қайта тексеру ұсынылды

Үкімет жаңа құрылыс кодексінің жобасын әзірлеп, мәжіліске енгізді.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин жаңа құрылыс кодексінің жобасында қандай жаңашылдықтар барын түсіндірді. Үкімет жаңа құрылыс кодексінің жобасын және ілеспе заң жобасын әзірлеп, оны мәжіліске енгізді.

Жоба құрылысқа берілген барлық рұқсатты қайта қарауды көздеп отыр. 

"Лицензия алушылардың бірыңғай цифрлық тізілімін енгізу барлық берілген рұқсаттың біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл нарықты жосықсыз компаниялардан тазартуға жол ашады. Тізілімде нақты субъект туралы мәліметтер, тәжірибенің, біліктіліктің болуы және басқа да мәліметтер болады. Жоба өз кезегінде құрылыс нарығында субъектілердің салауатты бәсекелестігін қамтамасыз етуге және сарапшылардың құзыретін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Тимур Қарағойшин. 

Сондай-ақ кодекс жобасы келесілерді қарастырады:

  • ЕО елдерінің тәжірибесі бойынша мамандарды сертификаттауды қолдана отырып бірыңғай цифрлық тізілімді енгізу.
  • Жедел ден қою шараларын енгізу. Бұл құрылыс саласындағы бұзушылықтарды анықтауға және олардың алдын алуға жедел ден қоюдан тұратын бақылаудың жаңа нысаны.
    Объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде ГАСК және ТЖ органдарын жоспарлы инспекциялау және олардың қатысуы тетігін енгізу.

Оқи отырыңыз: Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды


Тимур Қарағойшин кодекс жобасында цифрландыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Equurylys жүйесі құрылыс объектісінің барлық кезеңін қарауға мүмкіндік береді. Әсіресе құрылыс уақытында бақылауға болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары