Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев мұндай болжамды LS басылымына берген сұхбатында жасады.
"Біз құрылыс материалдардың 60% шетелден әкелеміз. Осы ретте ол қымбаттайды. Сол себепті тұрғын үй бағасының төмендеуі де күтілмейді. Ағымдағы жылы жылжымайтын мүлік орташа есеппен 10-15%-ға қымбаттауы мүмкін", – деді Талғат Ерғалиев.
Оның пікірінше, бұл мәселеде халықтың әл-ауқатын арттыру қажет, ол өз кезегінде сатып алу қабілетіне әсер етеді.
"Инфляцияның нақты пайызын білу үшін оны есептеу әдістемесін қайта қарау керек. Міне, сол кезде материалдар құнының өсуімен күресуге болады. Басқа және көрші елдерге қарағанда бизнес пен кәсіпкерлікті жүргізу үшін жағдай жасап. Сонда біз бәсекеге түсіп, тауарлар мен қызметтерді шетелге экспорттай аламыз. Осылайша, елге валютаны әкеле отырып, теңгені нығайтып, инфляцияны төмендетеміз. Содан кейін құрылыс материалдары қымбаттамайды және шаршы метр бағаның өсуін тоқтатады", – деді Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қалай пәтер алуға болады? Маңызды 13 сұраққа жауап
- Зейнетақы жинағын баспана алуға қалай пайдалануға болады? Жобаны түсіндіреміз
- Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық