Доллар арзандап, 469,85 теңге болды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. Сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 1,93 теңгеге төмендеп, 469,85 теңгені құрады.
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы – 471,98 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар – 467,00 / 474,00 теңге (сатып алу / сату);
- еуро – 534,00 / 544,00 теңге;
- рубль – 5,55 / 5,75 теңге.
Ал Алматыдағы айырбастау пункттерінде:
- доллар – 469,48 / 471,45 теңге;
- еуро – 539,45 / 544,42 теңге;
- рубль – 5,55 / 5,69 теңге аралығында саудалануда.