Қазақстан мен Ислам ынтымақтастық ұйымы елдері Ресеймен әріптестікті нығайтуда

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстан мүше болып табылатын Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері Ресеймен экономикалық байланыстарын айтарлықтай арттырды.

Соңғы бір жылда өзара сауда айналымы 30%-ға өсті. Тараптар арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасатын болады. Бұл мәселе 13-18 мамыр аралығында Ресейде өтетін XVI Халықаралық экономикалық форумда – "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" алаңында кеңінен талқыланбақ. 

Аталған форум аясында Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік ерекше назарға алынады.

Қазақстан мен Ресей арасында ынтымақтастықтың бірнеше маңызды бағыты бар. Солардың бірі – сауда қатынастары. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Ресей – Қазақстанның басты сыртқы сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,6 трлн рубльге немесе 12,7 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы 2025 жылдың қаңтарында өткен екіжақты келіссөздер барысында Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин атап өтті.

Сарапшылар екі ел арасындағы үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық комиссиясының белсенді жұмысын ерекше атап өтуде. Қазақстанда өнеркәсіп, энергетика және көлік-логистика инфрақұрылымы салаларында бірқатар стратегиялық жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Бүгінде Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 6 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ресейлік инвестициялар көлемі $17 млрд-тан асты.

Алдағы уақытта Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін:

Транспорт және логистика. Екі ел арасындағы көлік дәліздерін жаңғырту және жаңа логистикалық хабтар құру (мысалы, "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі) бизнес пен сауда үшін жағдайды едәуір жақсартады. 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Қытай мен Ресей арасындағы жаңа мультимодальды транзиттік дәліздің құрылатынын мәлімдеді. Жоба аясында 120 шақырымдық теміржол мен Шығыс Қазақстанда өзен порты салынады.

Энергетика. Мұнай мен газды өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша бірлескен жобалар, сондай-ақ баламалы энергетиканы дамыту бағытында да үлкен әлеует бар.

Өнеркәсіп. Ақтау әуежайында ұшақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталығының іске қосылуы — маңызды қадам. Бұл авиациялық хаб Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдерінің азаматтық және әскери ұшақтарына қызмет көрсететін болады.

Білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық. Студенттермен алмасу бағдарламалары, мамандар даярлау және мәдени байланыстар екі ел арасындағы қатынастарды нығайта түсуде. Қазіргі таңда Ресейде шамамен 60 мың қазақстандық студент білім алуда. Сонымен қатар, биыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Халықаралық орыс тілі ұйымы өз жұмысын бастайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары