Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады
1-сыныпқа қабылдау үшін биыл 310 мыңнан астам өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталған, ол 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында ата-аналар баласын қай мектепке беретінін алдын ала шешіп, қажет құжаттарды уақытылы тапсырып, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Ал мектеп әкімшілігі сыныптарды алдын ала жинақтап, оқулықтар сатып алады және мұғалімдер арасында сағаттарды бөледі.
"Құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарттық. Енді құжаттарды қабылдау 4 айға созылады. Бұл ата-аналарға да, мектеп әкімшіліктеріне де оқу процесіне дайындықты алдын ала ойластыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 10 тамыздан кейін мектептерде дайындық тобы жұмысын бастайды, оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады", – деп атап өтті БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Майра Мелдебекова.
Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- баланың денсаулық паспорты №026/у-3;
- №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
- баланың 3х4 см цифрлық фотосуреті.
Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
"Қызыл" аймаққа енген өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін ала алады. Ведомствоның болжамы бойынша, осы оқу жылында 1-сыныпқа 380 мыңнан астам оқушы барады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-