Тікелей эфир

"Qazaqstan дауысы. Балалар" жобасының жеңімпазы анықталды

Жобада атыраулық Нұршат Құсанова жеңімпаз атанды.

"Qazaqstan дауысы. Балалар" жобасы мәресіне жетті. Тәлімгерлер мен көрермен таңдауы бойынша 4 финалистің арасынан Нұршат Құсанова үздік шығып, жеңімпаз атанды, деп хабарлады Qazaqstan арнасының баспасөз қызметі.

Атыраулық Нұршат Құсанова  халықаралық ән байқауларының жеңімпазы, Junior Eurovision 2020 байқауының финалисі. Музыкалық мегажобаның алғашқы кезеңінде композитор Арман Дүйсеновтің "Туған жер" әнін орындап, 2 тәлімгерді өзіне қаратқан әнші Жұбаныш Жексенұлының тобында өнер көрсетті.

"Qazaqstan дауысы. Балалар" жобасы – әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген әйгілі "The Voice. Kids" телешоуының қазақстандық нұсқасы. Биыл байқауға қатысуға "Qazaqstan" телеарнасының ресми сайты арқылы 6 мыңнан астам үміткер өтінім берді. Олардың арасынан 100-ден астам қатысушы "Көрмей таңдау" кезеңіне шақырту алды.

Жоба тәлімгерлері әнші Жұбаныш Жексенұлы, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова, әнші, сазгер Мархаба Сәби және әнші, "Ninety One" тобының мүшесі ALEM алғашқы кезеңде өз тобына 15 баладан іріктеп, үздік шыққан 60 бала "Жекпе-жек" кезеңінде сынға түсті.

Ал "Тікелей эфир" кезеңі мен жартылай финалдан сүрінбей өткен Нұршат Құсанова (Жұбаныш Жексенұлының тобынан), Мөлдір Базарбай (Мархаба Сәбидің тобынан), Нұрислам Тілеухан (Толқын Забированың тобынан) және Жасмина Түзелова (Alem-нің тобынан) финалға жолдама алды. Музыкалық мегажобаның жүргізушілері - Ғалымжан Кеңшілік пен Жұлдыз Өмірғали.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары