Қазақстан Азия ойындары медалистерінің үздік бестігінен шығып қалды

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгінгі жаңартылған есеп бойынша Қазақстан 6-орында тұр.

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының медаль есебінде алтыншы орынға түсті. Екі күн бұрын Қазақстан төртінші орынннан бесіншіге төмендеген болатын. 

Қазақстанның үздік бестіктен шығуына Таиланд құрамасының оныншы алтын медалін жеңіп алуы себеп болды. Осыдан кейін Таиланд бесінші орынға көтерілді. 

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 9 алтын, 13 күміс және 23 қола медаль бар.

Медаль есебі. Азиада-2026 ресми сайтынан скрин

Медаль кестесінде Қытай көш бастап тұр. Оның еншісінде 132 алтын, 53 күміс және 45 қола медаль бар. Екінші орында – Жапония (41 алтын, 68 күміс, 63 қола), үшінші орында – Оңтүстік Корея (21 алтын, 26 күміс, 43 қола). Төртінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленіп отыр (12 алтын, 17 күміс, 13 қола).

Азиада-2026 жарыстары 4 қазанда аяқталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау