Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшылардың тек бесеуі жартылай финалға өтті. Олар:
- Алуа Балқыбекова (51 келі);
- Махмұд Сабырхан (55 келі);
- Төрехан Сабырхан (70 келі);
- Наталья Богданова (75 келі);
- Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).
Өкінішке қарай, бұған дейін ел құрамасындағы боксшылар Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Назым Қызайбай және Нұрбек Оралбай қарсыласынан жеңіліс тауып, жарыс жолын босатқан болатын.
Қазақстан құрамасының бапкерлері бұған дейін биылғы Азия ойындарында алтын медальден үмітті екенін мәлімдеген болатын. Алтын медаль иелену ел құрамасы үшін өте маңызды. Өйткені, бұған дейінгі екі Азия ойындарында ел боксшылары мойнына алтын іле алмады.
"Ясминаға чемпионға тиесілі барлық сыйақы төленеді". Жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеме жасады
Азия ойындарындағы кроссовка дауы: Атлет Ясмина Тоқсанбаева неге алтын медалінен айырылды