Тікелей эфир

Қазақстан азаматтарының депозитте сақтайтын қаржы көлемі өсіп келеді

Бүгінде теңгелік жинақ сомасы 17 триллионнан асқан.

Қазақстан азаматтарының депозитте сақтайтын қаржы көлемі өсіп келеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бүгінде республика азаматтарының депозитке салған ақшасы 22 триллион теңгеден асқан. Осылайша бір жылда қаражат мөлшері 20 пайызға артып отыр.

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, бүгінде теңгелік жинақ сомасы 17 триллионнан асқан. Ал шетелдік валютадағы депозит үлесі кейінгі айларда керісінше біршама төмендеген. Қазір оның жалпы мөлшері 5,3 триллионды құрайды.

Қазақстан азаматтарының дені мерзімсіз, яғни, ақшаны кез келген уақытта алып-салуға болатын депозиттерді қолданады екен.

Серіктестер жаңалықтары